Бейсенбі, 18 маусым 2026 ж. 3 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:57
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Мақалалар

Ұмыт болған сүннет: Беті ашық ыдыстарды жауып қою

13 мам 2025 636 рет оқылды
Ұмыт болған сүннет: Беті ашық ыдыстарды жауып қою

Жәбир ибн Абдулладан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түн батқан кезде (немесе: кеш түскен кезде) балаларыңды [қастарыңда] ұстаңдар. Өйткені, бұл уақытта шайтан [мен оның қызметшілері жер бетіне] тарайды. Түннің бір бөлігі өткеннен кейін, [балаларыңды] жібере беріңдер. [Сонымен қатар түн батқанда] есіктерді жауып, Алланың есімін зікір етіңдер. Өйткені, шайтан жабық есікті аша алмайды. Және бөрдектеріңді қымтап байлап, Алланың есімін зікір етіңдер. Сондай-ақ ыдыстарыңды жабыңдар немесе [кем дегенде] олардың үстіне бір нәрсе қойып кетіңдер және шамдарыңды өшіріңдер», - деді (Муслим, No 1293).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

sunna.kz