Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 ж. 26 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:01
Күн 05:33
Бесін 12:17
Ақшам 18:50
Құптан 20:21
Әр түрлі

Әбубәкір Кердері: Тілі екеудің - діні екеу

2 сәу 2023 1 191 рет оқылды
Әбубәкір Кердері: Тілі екеудің - діні екеу

Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақынның бүгінгі замандастарымыздың кәдесіне жарар деген оймен үшбу өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,

Бір-бірін жамандықтан сақтамаса.

Бүгін тату болса да ертең араз,

Достығы бүгінгінің тап-тамаша.

Бір-бірін қорықса сыйлайды адам,

Түсінер бұ сөзіме білімді адам.

Тілеуіңнің біреуі – от, біреуі – су,

Сөйледің екі түрлі тіліңді адам.

«Тілі екеудің – діні екеу» деген сөз бар,

Аңдамай бұзып алма, дініңді адам.

«Он ғасыр жырлайды» кітабынан

Sunna.kz

#Әбубәкір Кердері