Бейсенбі, 18 маусым 2026 ж. 3 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:57
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Мақалалар

Әбу Ханифаның (р.а) байсалды ұстанымы

12 қыр 2025 569 рет оқылды
Әбу Ханифаның (р.а) байсалды ұстанымы

Табиғин Ато ибн Аби Рабахпен алғаш кездескенде Ато айтты: - Қайдан боласың?

- Куфадан

- Діндерін түрлі топқа бөлген ауылдан ба?

- Иә

- Сен қай топтансың?

- Алғашқы ізгілерді(алғашқы үш ғасырда өмір сүрген  мұсылмандар) сөкпейтін, тағдырға сенетін және күнә жасаған адамды кәпір демейтіндерденмін.

- Хақты таныдың! Осы жолда берік бол! - деді Ато ибн Аби Рабах,

Алла екеуіне де разы болсын! Ғалымдар осылай даналықпен, қысқа-нұсқа көп нәрсені меңзейтін әрі қамтитын жауаппен жауап береді. Біз болсақ ана жерде әңгіме айтып кетуші ме едік…

материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,

sunna.kz