Әз Жәнібек. Шаш туралы әңгіме
Әз Жәнібек бір жақтан келе жатып, бір адамға кездеседі. Ол кісінің шашы қара, сақалы ақ екен. Қасында бірге келе жатқандардан:
— Былай болуының себебін тауып айтыңдаршы , - деп сұрапты.
Олар тауып айта алмайды. Сонда Жәнібек:
— Ал, шешенім, кезек саған келді. Сен айтшы, шашының қара, сақалының ағы қалай? - дегенде, бөгелместен Жиренше:
— Түзде кебінген, үйде күйінген, аты шабан, қатыны жаман бір байғұс шығар, - депті.