Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Құптан 22:22
Мақалалар

Әубәкір Абайұлы: Жүрекке қоса бітсе ғылым, айла

25 мам 2023 733 рет оқылды
Әубәкір Абайұлы: Жүрекке қоса бітсе ғылым, айла
Назарларыңызға Абай баласы Әубәкір ақынның өлең шумақтарынан үзінділер ұсынамыз. Жүрекке қоса бітсе ғылым, айла, Білгенге одан басқа бар ма пайда. Атымды айқын тарихта қалдыра алмай, Кеттім-ау жас балаша қоңыр жайда.   Көп топтан оқшау озып жеке-дара, Ойнайтын қайран қуат, жиын тойда. Артында із қалмайтын, жұрт білмейтін, Босқа жүр талай мырза сеніп бойға.   *****                                          ***** Асты лай, мөп-мөлдір-ақ беті тұнық, Мүләйім кісі сынды көзге сынық. Еткен ісін абайлап байқап жүрсең, Не түрлі табылады пәлші қылық. *****                                          *****   Ішінде қымың да бар, жымың да бар, Бұрыннан би болмаған сұмың да бар. Тартылсаң анық әділ таразыға, Балтаменен шабатын мінің де бар.   *****                                          ***** Көзіме жас келеді өткенді ойлап, Дүние қызығына бар ма тоймақ. Мал сойып, ауыл басы қымыз ішіп, Ән салып жүруші едік күліп-ойнап.   *****                                          ***** Табалмай бұған айла, ақыл, талап, Бұл істен алып шығар арашалап. Сасқан соң, жаратушы жәрдемшіге, Жалынышты мүлгиді көзбен қарап...