Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Өзіңе қалағанды біреуге қаламайынша иманың кәміл емес

3 ақп 2025 807 рет оқылды
Өзіңе қалағанды біреуге қаламайынша иманың кәміл емес

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) адамдар арасындағы өзара тілектестікті ұнататын. Сахабаларымен сұхбаттасып отырып Әбу Мұса Әшғаридың ағайындарын мақтап:

– Әшғарилер араларында бір адам жетім-жесір болып қалса, біреуі жеуге азық таппаса, бәрі қолындағы барын бір орынға жинайды. Сосын барлық жиналған мүлікті өзара қылдай бөлісіп алады. Олар – менен, мен – оларданмын! - дейді.

Егер өзіңнің қажетіңмен жағдайыңның ауырлығын сезіне алсаң, сен – тірісің. Ал егер өзгелердің қажеттілігімен олардың ауыртпашылығын сезіне алсаң, сен – адамсың.

Мұсылманды мұсылман бауырының басындағы жағдайы алаңдатуы керек. Мұсылмандардың жағдайы қиын болған тұста оларға еш аяушылық пен мейірімділік сезіне алмасаң, жүрегіңді тірілт. Зікір айт, истиғфар айт.

Қазақсың ба? Еліңнің бір түкпіріндегі қиыншылық көріп отырған қазақ бауырың үшін жаның ашымайды ма?

Егер жауабың жоқ болса, егер де жаның ашымайтын болса, сен жүрек орнына тас көтеріп жүр екенсің. Өзіңе қалағанды біреуге қаламайынша иманың кәміл болмайды!

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz