Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Қасиетті жұмадағы қайырымдылық жәрмеңкесі (ФОТО)

15 ақп 2020 1 866 рет оқылды
Қасиетті жұмадағы қайырымдылық жәрмеңкесі (ФОТО)

15 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мешіттің әйел жамағатынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке барысында жамағатқа түрлі тәттілер мен ыстық тағам түрлері, қолдан әзірленген тоқаштар мен түрлі өнімдер ұсынылды.

Сондай-ақ, шариғат талаптарына сай тігілген киім-кешек түрлері мен қолөнер туындылары, діни әшекей заттар мен түрлі косметикалық өнімдер де жәрмеңке сөрелерінен орын алып, жамағат үшін сауапқа толы сауда жасауға жол ашты.

Бұдан бөлек, жәрмеңке аясында діни және рухани пайдалы кітаптар да сатылып, келушілерге рухани пайда келтірді.

#Инабат клубы #қайырымдылық жәрмеңкесі #Әзірет Сұлтан мешіті