Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Наиб имам – Рахматулла Байменов

16 ақп 2020 1 157 рет оқылды
Байменов Рахматулла Оразулы «Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб имамы. 1973 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Білімі: 1990-1991 ж.ж.  Шымкент қ.«Қошқар Ата» мешітінде сауат ашу курсы; 1991-1993 ж.ж. Ташкент қ.  «Имам Бухари» институты; 1994-1996 ж.ж.  Алматы қ.  ҚМДБ жанындағы Ислам институты; 2002 -2007 ж.ж.  Көкшетау қ.  А.Мырзахметов атындағы университет, Құқықтану факультеті (бакалавр); 2005 ж. Стамбул қаласы,  «Хасеки Султан» жоғары мектебі; 2016-3018 ж.ж. Алматы қ.  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Исламтану факультеті Дінтану мамандығы «бакалаврлық» білім алған. Еңбек жолы: 1993 - 1994 ж.ж.  Мақтарал ауд. Алғабас ауылы, №6 орта мектеп, Араб графикасы және тілі пәні мұғалімі қызметін атқарған. 1996 - 1999 ж.ж.  Көкшетау  қ.  «Ғалым» атындағы мешіттің  бас имамы, ҚМДБ-ның Көкшетау өнірі бойынша өкілі имамы; 1999 - 2009ж. ж.  ҚМДБ-ның  Ақмола облысы бойынша өкіл имамы , Көкшетау қаласындағы  «Науан Хазірет» атындағы мешіттің бас имамы; 2010 - 2012 ж.ж.  Астана қ. «Төлебай» мешітінің наиб имамы; 2013 -2018 ж.ж.  Көкшетау қ. Ақмола облыстық  «Науан Хазірет» атындағы мешіттің наиб имамы қызметтерін атқарған. 2018 ж. бері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб имамы.  Үйленген, 5 баласы бар.  
#Рахматулла Байменов