Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Бесін 12:14
Екінті 16:31
Ақшам 18:30
Құптан 19:58
Қоғам

Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алатыны белгілі болды

18 нау 2020 2 498 рет оқылды
Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алатыны белгілі болды

18 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кімдердің кіре алатынын айтты, деп хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау органдары мен Қорғаныс министрлігі блокпосттар арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының периметрі бойынша көлік құралдарының кіруі мен шығуын және азаматтардың қозғалысын шектейді. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды», – деді министр «Хабар 24» телеарнасындағы үндеуде.

Оның айтуынша, бұл тыйым тұтыну тауарларын жеткізетін көліктерге жүрмейді.

Сондай-ақ, министр жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті және азаматтардан карантин кезінде түсіністік танытуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.