Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Мақалалар

Екі ай қатарынан күн салмай ораза ұстауға себеп болатын 5 жағдай

20 ақп 2024 1 677 рет оқылды
Екі ай қатарынан күн салмай ораза ұстауға себеп болатын 5 жағдай

Төмендегі жағдайлар оразаны бұзады:

1.Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;

2.Темекі шегу, дәрі ішу;

3.Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту. Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».

4.Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейінгі аралықта, аузы берік кезінде жақындасу оразаны бұзады);

5.Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады.

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.

Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай қатарынан күн салмай ораза ұстау, оған шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады.

«30 күнге 30 уағыз» дәрістер жинағынан

#каффарат