Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мешіт тынысы

Ғылмани мешітінде "Рамазан шуағы" акциясы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

5 мам 2020 1 585 рет оқылды
Ғылмани мешітінде "Рамазан шуағы" акциясы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

5 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті қасиетті айға орай ірі көлемді қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен төтенше жағдай кезінде де ел мешіттері қайырымдылық шараларын қағыс қалдырған жоқ. Айталық, елорда мешіттерінде арнайы "Рамазан шуағы" арнайы акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып, ауызы берік адамдарға ауызашар жиынтығы жеткізілуде.

Қала мешіттерімен қатар "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті де қасиетті ай басталғалы бері  қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. "Рамазан шуағы" қайырымдылық акциясы аясында 100 адамға ауызашар таратып, 30 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Осылайша, мешіт ақысыз демалысқа шыққандарға, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жандарға Рамазан шуағын сыйлады.

 
#Рамазан шуағы #ауызашар #қайырыдылық