Сейсенбі, 18 тамыз 2026 ж. 5 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:16
Күн 05:00
Бесін 12:23
Екінті 17:22
Ақшам 19:35
Ел мешіттері

"Иманғали" мешіті байқау жариялады

27 қаң 2020 1 654 рет оқылды
"Иманғали" мешіті байқау жариялады

27 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ-ның Атырау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Хакім Абайдың қара сөздерін жатқа оқудан ерікті жастар арасында облыстық сайыс өтеді, деп хабарлайды өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сайысқа 12-35 жас аралығындағы Атырау облысының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Үміткерлерді тіркеу және іріктеу 4.02.2020 - 9.03.2020 аралығында өтеді.

Қатысушылардың саны шектеулі, яғни 30 үміткер ғана қатыса  алады. Бас жүлде - Кіші қажылық (Ұмра)

І орын - 150 000 тг ІІ орын - 100 000 тг III орын - 50 000 тг

Ынталандыру сыйлығы - 20 000 тг (үшеу)

Әрбір қатысушы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өтетін уақыты: наурыз айы, 2020 жыл.

Нақты күні қосымша хабарланады.

#Абай175 #байқау