Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

«Жайық-ет» құс фабрикасы сертификат алды (ФОТО)

29 қаң 2020 1 710 рет оқылды
«Жайық-ет» құс фабрикасы сертификат алды (ФОТО)

29 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков «Жайық-ет» құсфабрикасына «ҚМДБ Халал» сертификатын табыстады, Халал өнімдерін сертификаттау бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «Жайық ет» құс фабрикасына «ҚМДБ халал» стандарт талаптары бойынша жұмысын сәйкестендіру үшін 2 ай сынақ мерзімі берілген болатын. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, қайта тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында құстың инкубаторда өсірілуі, құс жемі ретінде таза өнімді қолдану, «Бисмиллә» айтып қолмен бауыздау секілді халал стандарт талаптарының қатаң сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, сулы ванна температурасы, конвейерде айналу ұзақтығы, салқындатқышта ұстау уақыты секілді жұмыстардың орындалу ұзақтығының халал стандартқа сәйкес келуі есептелді.

Соңғы тексеріс оң нәтежиені көрсеткеннен кейін ғана «Жайық ет» құс фабрикасына «ҚМДБ Халал» сертификаты табысталды.