Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

12 жасар қыз Құран жарысының жеңімпазы атанды

29 қаң 2020 1 206 рет оқылды
12 жасар қыз Құран жарысының жеңімпазы атанды

29 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Татарстан республикасының Ютазинский ауданындағы Уруссу ауылында өткен әйелдер арасындағы Бүкілресейлік Құран жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Айтулы сайысқа Пенза, Орынбор, Магниторск, Башкирия, Мордовия, Тюмень, Қазан, Альметьевск, Нижнекамска, Чистопль, Лаишевский және тағы басқа аймақтар бойынша 50-ден астам қыз-келіншектер қатысқан. Үміткерлердің ең кішісі 6 жаста болса, егделеуі 47 жаста екен.

Құран жарысының салтанатты жабылу шарасына Татарстан мүфтиінің орынбасары Рустем Валиулин қатысып, аудан басшысы Аяз Шафигуллинге алғыс хат табыстады.

Үш түрлі аталым бойынша өткен Құран жарысында «4 пара бойынша» үздік өнерімен танылған 12 жасар Омина Сатторова жеңімпаз аталып, кіші қажылық жолдамасы бұйырды. Магинторск аймағынан келген 12 жасар бүлдіршінге Құран жаттауға әкесі көмектескенін айтады.

#Құран жарысы