Сейсенбі, 27 қазан 2026 ж. 16 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Ақшам 17:03
Құптан 18:30
Мақалалар

Жәннат кілтінің тістері

11 ақп 2020 1 506 рет оқылды
Жәннат кілтінің тістері

Бір күні Баязит Бистами әулиеден:

«Лә иләһа иллаллааһ» - жәннаттың кілті»,- деген хадисті қалай түсінесіз?»,- деп сұрайды. Сонда әулие былай деп жауап береді:

– Хадис – сахих. Бірақ сол кілттің тістері болмаса, ашылмайды. Жәннаттың кілті болған – «Лә иләһа иллаллааһ (Алладан басқа тәңір жоқ)» сөзі болса, мына төрт нәрсе соның тістері:

1.Жалған және ғайбат айтпаған тіл,

2.Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек,

3.Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан,

4.Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал»,- деп жауап беріпті.

Қуат Қабдолла

sunna.kz

#жәннаттың кілті #Қуат Қабдолла