«Құрметті қауым! Биылғы келе жатқан ұлық Рамазан айы құтты, мүбәрак болсын! Адамзат баласына соңғы Елшісі Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы мұғжиза берген және қандай да бір күнәлары болса Алладан шынайы ықыласпен дұға еткен пенделерінің тілегін қабыл, мұратын асыл еткен Рамазан айы баршамызға мүбәрак болғай!» - деді Бас мүфти.
Сонымен қоса Бас мүфти алдымен Астанада басталған бұл іс-шараның сериялы түрде өтетінін яғни рухани кешті алдағы уақытта еліміздің басқа да облыс орталықтарының тұрғындары тамашалай алатынын атап өтті.
Әдеттегідей халықты күлдіре отырып жылата білетін театр ұжымы бұл жолы да өз көрерменін шынайы өмірден алынған көріністермен, биік деңгейдегі ойындарымен баурай білді. Өнерсүйер қауым концерт залынан дән риза болған кейіпте шығып жатты.