Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Шәкәрім қажы: Алла Тағаланың пайғамбарларға жіберген кітаптарына нанбақ

9 қар 2020 1 835 рет оқылды
Шәкәрім қажы: Алла Тағаланың пайғамбарларға жіберген кітаптарына нанбақ

Алла Тағала бенделеріне тура жолды ұқтыру үшін әрбір заманда пайғамбарлардың қайсыбіреулеріне кітап жіберген.

Оның үлкені төртеу: бірі біздің пайғамбарымызға жіберген Құран, біреуі Мұса пайғамбарға жіберген Тәурат, біреуі Дәуіт пайғамбарға жіберген Забур, біреуі Ғайса пайғамбарға жіберген Інжіл және бұлардан басқа сухуф дегендері бар. Адам пайғамбарға, Ибраһим пайғамбарға дегендей әрбір біреулеріне жіберілген. Солардың бәрін де рас деп тану керек. Бұл кітап дегендер біржолата кітап болып келген емес, Алла Тағаланың періште арқылы пайғамбарларына білдірген сөздері, әмір бұйрықтары.

Соны кітап қылып жазылған. Біздің пайғамбарымыз Мухаммед Мұстапа салла Аллаһу ғаләйһи уә сәлләм соңғы ақыр заман пайғамбары болған соң соған жіберілген. Құранның сөзімен ғибадат құлшылық қылмақ дұрыс болған. Мұнан соң еш пайғамбар болмайды. Сол себептен өзгеден өзге шапағатпен жүруге дұрыс емес. Құранның сөзі бұрынғы кітаптардың кемін толтырып, кейінгі заманына қарай біржолата бекітіп айтылған.

#Інжіл #Зәбур #Тәурат #Шәкәрім Құдайбердіұлы #Шәкәрім қажы #кітап #мұсылмандық шарты #Құран #қасиетті кітап