Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Бесін 12:15
Екінті 16:38
Құптан 20:08
Мақалалар

Бір жылдан кейін келсе

10 ақп 2021 1 867 рет оқылды
Бір жылдан кейін келсе

Жан-жануармен тілдескен Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның белінің сонша жіңішкелігінің себебін сұрайды. Құмырсқа:

– Бұл менің қанағатшылдығымның, үнемшілдігімнің белгісі, - деген екен.

– Оны немен дәлелдейсің дегенде:

–Бидайдың бір дәнін бір жыл азық етемін, - депті. Оны сынамақ болып Сүлеймен Пайғамбар әлгі құмырсқаны бір жыл бір шишаға бір дәнмен қамап қойыпты.

Бір жылдан кейін келсе, құмырсқа дәннің жартысын ғана жепті.

– Мұның қалай? деп сұрапты. Сонда құмырсқа:

– Мені ұмытып кетсеңіз, тағы бір жылға жететін үнемшілдік жасағаным ғой, - деп жауап беріпті.

sunna.kz

#ғибратты қиссалар