Бұл айда көбірек Құран оқу, қасиетті кітапты бастан-аяқ оқып Хатым жасау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Сондықтан да, мешіт шәкірттері осы айда Құран Хатым жасауды жыл сайынғы үрдіске айналдырған болатын.
Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағаты Рамазан айының тууымен Құран Хатым бастаған еді. Мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырхановтың бастамасымен курс шәкірттері Құран Кәрімді толық оқып шығып, Хатым дұғасын жасады. Атамлыш игі шараға наиб имам Әділ Агитаев қатысып, хатым дұғасын оқыды.
Іс-шараға жиналған шәкірт-аналар еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, халқымыздың береке-бірлігін тіледі.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі