Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

АЙТ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ (фото)

15 мау 2018 2 291 рет оқылды
АЙТ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ (фото)
15-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Ораза айт мерекесіне орай, мешітімізде ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің тапсырмасымен, Ораза айт мейрамына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық спорт ойын түрлерінен мерекелік сайыс ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралар аясында өткізілетін жарыста ұлттық ойындардың бірнеше түрінен сайыстар өтті. Атап айтсақ, асық ату, гір көтеру, қол күрес, арқан тарту қатарлы спорттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар заттай сыйлықтармен марапатталды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі