Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Күн 05:47
Бесін 12:14
Екінті 16:31
Құптан 19:58
Жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ АЙТ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚПЕН ҮЙЛЕСКЕН ШАРАЛАР (ФОТО)

15 мау 2018 1 799 рет оқылды
АСТАНАДАҒЫ АЙТ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚПЕН ҮЙЛЕСКЕН ШАРАЛАР (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан мерекелік шараларға қатысты, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіт ауласында тігілген киіз үйлерді аралап, ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан спорт жарыстарын тамашалады. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, марапаттады.

Мешіттің тұрақты жамағаты – ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды ораза айтпен құттықтап, ізгі ниеті мен тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Бас мүфти тапсырмасымен отблыстық мешіттерде де ораза айт мейрамы ұлттық нақышта тойлануда.