Сейсенбі, 24 қараша 2026 ж. 14 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 07:40
Бесін 12:06
Екінті 14:34
Ақшам 16:21
Құптан 17:55
Жаңалықтар

Қарағанды облысында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді

19 шiл 2018 2 141 рет оқылды
Қарағанды облысында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді

2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті.

Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды.

Аталған адамдар террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдіктелуде.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды.