Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

Үндемей қызарып отырып қалған болыс

2 мау 2022 926 рет оқылды
Үндемей қызарып отырып қалған болыс

Тұрлы деген болыс бір байдан параға ақ түйе алып, қасындағы атқосшысына жетектетіп келе жатып, жолшыбай бір жоқ-жұқаналау ауылға түседі.

Ас үстінде желпініп отырған болыс Байсеркеге желіде байлаулы тұрған түйесін көрсетіп:

–Аты шықпаған таудан,

Аты әйгілі төбе артық.

Бәйге алмаған тұлпардан,

Белі берік бесті артық.

Байламы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Мұнарланған күндізден,

Жұлдызды жарық түн артық.

Парадан алған түйеден,

Адалдан жиған ешкі артық, - деп болысты көп алдында масқаралап салыпты.

Болыс үндей алмай, қызарып жер шұқып отырып қалған екен.

"Сөз тапқанға қолқа жоқ" кітабынан.

sunna.kz