Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Мақалалар

Келін әдебі

7 нау 2023 956 рет оқылды
Келін әдебі

Бір кісінің балаларының аты: Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен.

Бұл кісінің кенже келіні, Балтабайдың келіншегі түсіпті.

Жаңа түскен келін су алуға келгенде, судың ар жағында тұрған қайын атасы жас келінді сынамақ болып:

- Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға барып хабар берші, балам. Балтабай пышақ қайрап әкеліп адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім, - депті.

Келіншек те сасқалақтап, жүгіріп төбеге шығып күйеуі Балтабайға айғайлапты:

- Шапқы-ау, Шапқы-ау, шапшаң кел! Сарөыраманың бер жағында, сылдыраманың ар жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам жаныманы білеуітке жанып әкелсін дейді. Өзі ұлыманы айдап кетті, - дейді.

”Қазақтың фиолофиялық өнері” кітабынан.

Sunna.kz