Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Қайырымдылық керуен жолға шықты

26 қаз 2020 1 589 рет оқылды
Қайырымдылық керуен жолға шықты

26 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жүрекке жылу» және «Біз біргеміз» акциялары бойынша мұқтаж отбасыларға көмек берілді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Қайырымдыл керуеніне» ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған имамдарға ризашылығын білдірді. Өзі де қаладағы мұқтаж отбасыларға арнайы барып, сый-сияпатын жасады.

Сонымен бірге Бас мүфти «Қайырымдылық керуеніне» атсалысқан жомарт жандарға алғыс хат табыстады. Айта кетелік, осы игі шарада 10 тонна көмір мен 11 тонна азық-түлік дайындалып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

#қайырымдық керуен