Жұма, 16 қазан 2026 ж. 5 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:08
Күн 06:34
Бесін 12:05
Екінті 15:34
Құптан 18:51
Жаңалықтар

Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

26 қаз 2020 1 493 рет оқылды
Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

27 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімімен мешіттерде жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.

«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» делінген комиссия шешімінде. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.

#бес уақыт намаз #жамағатпен намаз оқу #мешіт