Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 ж. 11 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:28
Күн 05:55
Екінті 16:21
Ақшам 18:18
Құптан 19:45
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ МЕН ВИЦЕ-МИНИСТР ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

4 шiл 2018 2 507 рет оқылды
БАС МҮФТИ МЕН ВИЦЕ-МИНИСТР ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
Бүгін Түркістан қаласы облыстық этно-мұражайы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы қала, аудан имамдарымен кездесті.
Кездесу барысында вице-министрі Берік Сақбайұлы еліміздегі діни ахуал туралы баяндап, бірқатар маңызды мәселелер туралы айтып өтті. Вице-министр имамдардың әлеуметтік мәселесі алдағы уақытты кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар жат ағымдармен жұмыс жасауда белсенділік танытуға шақырды.