Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

Шағбан айындағы шарапатты шара

23 сәу 2019 2 150 рет оқылды
Шағбан айындағы шарапатты шара

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айы келгенде, «Алла Тағалам! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз» деген дұғасын жиі айтатын болған. Қаситетті Рамазан айы таяп қалғанда мұсылмандар сауапты амалдарын арттыруға, жақсылық жасауға дайындалады.

ҚМДБ төрт басым бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйытқы болуымен және «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған он отбасының мекен жайына азық-түлік пакеті  мешіт қызметкерлері тарапынан жеткізілді. Қайрымдылық пакетте ораза ұстаушы кісінің ауызашарға қажетті барлық азық-түлік қамтылған.

Мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі Әлия Аусағатова мен ұстаз Айгүл Көксегенқызы қайрымдылық шаралардың жалғасатындығын айтты.

          «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз орталығы