Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Астанада құрбандық шалуға арналған орындар

17 там 2018 2 281 рет оқылды
Астанада құрбандық шалуға арналған орындар

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік Айт намазынан (басталуы сағат 7:00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: "Метро" сауда үйі (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш шоссесі, 30 ("Көк Базар" базарының арты), "Есжанова А" ЖК, "Жайлау", Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, "Шаушен" ШҚ, "Астана-Павлодар" т/ж, 9 км, "Темеш" ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км

Есіл ауданы: "Алтын-Таға" базары, Қосшы кентінің маңы

Сарыарқа ауданы: "Ұлжан" әмбебап базары, (бұрынғы "Саянұр" базары)

Сонымен қатар, "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "2288" Call-center жұмыс жасайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын ресми түрде мәлімдеді. Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.