Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Күн 05:47
Екінті 16:31
Ақшам 18:30
Құптан 19:58
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ: ӨШПЕНДІЛІК ПЕН ӨКТЕМДІК АДАМДЫ ӨСІРМЕЙДІ (ФОТО)

18 нау 2019 1 885 рет оқылды
БАС МҮФТИ: ӨШПЕНДІЛІК ПЕН ӨКТЕМДІК АДАМДЫ ӨСІРМЕЙДІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен кездесуінде осылай деді.
Жастарға дәріс оқыған Бас мүфти: «Халқымызда: «Кең болсаң, кем болмайсың», – деген нақыл сөз бар. Кеңпейілдік – көркем мінездің бір сипаты. Сіздерге өмірлік тәжірибемнен айтайын: өшпенділік пен өктемдік адам баласын ешқашан өсірген емес. Сондықтан, кеңпейіл, көпшіл, бауырмал болуымыз ләзім. Бұл – күллі пайғамбарлар салған сара жол», – деп атап өтті. Серікбай Сатыбалдыұлы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж директоры Саят Нұрланұлына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын, ал студенттерге «Тәпсір тұнығы» еңбегін сыйға тартты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер көкейтесті сауалдарына жауап алды.