Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 ж. 4 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:15
Күн 05:44
Бесін 12:15
Екінті 16:34
Құптан 20:03
Мақалалар

Бұл дұғаны кез-келген адам қиналғанда оқысын

6 рет оқылды
Бұл дұғаны кез-келген адам қиналғанда оқысын

Белгілі  сахаба  Әбу  Саид  әл-Худри  (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген:


Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың?» − деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап берді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Саған  оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» − дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!» − дейді.

Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған төмендегі дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді.

Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) бұйырғанын  бұлжытпай  орындап  жүрдім. Соңында  Алла  Тағала менің барлық уайым-қайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», − деген болатын (Сунәну Әби Дәууд, Китәбу ас-саләәт 1330).

Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә ғаләбәтид-дәйни уә қаһри-рижәәли. Мағынасы: Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!

материал «Дұға кітабы» кітабынан алынды,

sunna.kz