Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 ж. 4 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:15
Күн 05:44
Бесін 12:15
Екінті 16:34
Құптан 20:03
Мақалалар

Ихсанның пайдалары мен жемістері

11 рет оқылды
Ихсанның пайдалары мен жемістері

Алла Тағала ихсан мақамындағы құлдарына көптеген жақсылықтар уәде еткен.


Бірінші: Ихсан дәрежесіндегі жандар әркез Алланың жәрдемінде болады. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Рас, Алла мұхсин (ихсан етуші) құлдарымен бірге», – деп айтқан. Имам Қуртуби бұл аятты: «Кемшілік атаулыдан пәк болған Алла Тағала жеңіс беруі, жәрдем етуімен, сақтап әрі тура жолмен жүргізу арқылы олармен бірге», – деп түсіндірген.

Екінші: Алла Тағала ихсан ететін пенделерін жақсы көреді. Қасиетті Құранда:

«Алла жолында мал сарып етіңдер. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарымен қауіп-қатерге салмаңдар. Көркем ізгілік жасаңдар. Шын мәнінде Алла ізгілік етушілерді жақсы көреді», ("Бақара", 195) – деп айтылған.

«Ихсан етіңдер» деген Алла Тағаланың өмірін тәсбих кітаптарында «Алла Тағаланың бұйырған парыз амалдарын орындаудағы ихсан ету» деп түсіндірсе, енді бір ғалымдар бұл жерде Алла Тағалаға қатысты жақсы ойда болу турасында айтылғанын жазған.

Үшінші: Ихсан – жәннат иелерінің сипаты. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сондай ихсан етушілерге көркем жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері кірбеңбейді, солар – жәннат иелері. Олар онда мәңгі қалады»,– деп мұхсин құлдарына мәңгі жәннатты уәде еткен.

Төртінші: Алла Тағала ихсан иелерін зор сауапқа кенелтеді. Ихсан иелері дүниеде әр амалын кемел түрде орындауға тырысқандықтан, ақыретте де сауабы толық, еселеп берілетіні айтылған. Қасиетті Құранда: «Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден ихсан етушілерге зор сыйлық дайындайды», – делінеді.

материал  «Көркем мінез» кітабынан алынды,

sunna.kz