Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Қадір түнінде жасалатын дұға

11 мау 2018 6 738 рет оқылды
Қадір түнінде жасалатын дұға

Айша (р.а) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) былай деп сұрағаны баяндалады: «Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?»

Ол: ««Уа, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!» - деп айт», - деді.

Осы хадисті атап болған соң хафиз Ибн Ражиб былай деді: «Суфьян әс-Саури Қадір түні дұға ету мен үшін намаз намаз оқудан да сүйіктірек дейтін». Алайда, егер адам намаздан кейін Құран оқып, дұға жасайтын болса, онда әрине, бұл жақсырақ.  Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кім Қадір түнін Алланың сауабына иман келтірген және үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі».