Дүйсенбі, 23 қараша 2026 ж. 13 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 06:05
Күн 07:39
Бесін 12:06
Ақшам 16:22
Құптан 17:56
Мақалалар

Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес бересіз бе?

12 рет оқылды
Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес бересіз бе?

Тақуа бір кісі былай деп түсіндіреді:


«Бір күні қонақтарым келді. Қонақтардың аузы дұғалы, әулие кісілер екенін түсіндім. Мен оларға: Маған Алладан қорқуға себеп болатын кеңес беріңіздер, - деп өтіндім.

Олар: Мына алты нәрсеге назар аударуға кеңес береміз:

- Көп ұйықтайтын адам жүрегінің тазартылуын (яғни, аяттардың, хадистердің, уағыздардың әсерінен) күтпеуі керек.

- Көп жейтін адам түнгі ғибадатқа тұруды күтпеуі керек. - Залымға жақын болып, онымен бірге болған адам дініңізде тұрақтылық күтпеңіз. 

- Өтірік айтуды, ғайбат айтуды әдетке айналдырған адам дүниеден иманмен кетуді, яғни иманмен өлуді күтпеуі керек.

- Адамдармен көп уақыт өткізетін кісі ғибадаттан ләззат алуды күтпеуі керек. 

- Адамдардың разылығын алғысы келген адам Алланың одан разы болуын күтпеуі керек». (Рухул Баян 5/341) 

материал «Ғибрат тайм» кітабынан алынды,

sunna.kz