Сәрсенбі, 25 қараша 2026 ж. 15 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 06:07
Күн 07:42
Екінті 14:33
Ақшам 16:20
Құптан 17:54
Мақалалар

Мешіттің әдептері мен үкімдері

8 рет оқылды
Мешіттің әдептері мен үкімдері

Мешіт – Аллаға құлшылық ететін ғибадат орны. Араб тілінде «мешіт» (мәсжид) сөзі «сәжде жасайтын жер» деген мағынаны береді.


Мешіт – жер бетіндегі Алла Тағаланың үйі. Мешіттерді таза ұстау, оған қатысты әдептерді сақтау, бұл онда тыйым салынған нәрселерден аулақ болу және мешіттерге ие болып, оның құрылысына, тазалығына көмектесу – тақуалықтың белгісі. Аллаһ тағала: «Міне, осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол – жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят), – деген. Ал мешіт Алланың ең айқын белгілерінен.

Мешіттің әдептері:

– мешітке кірген кезде босағаны оң аяғымен аттау;

– мешітке кіретін кезде арнайы оқылатын дұғаны оқу;

– мешітте отырғандарға сәлем беру;

– екі ракағат мешіт ақысы намазын (тәхият әл-мәсжид) оқу;

– мешіттен шыққан кезде сол аяқпен шығу;

– мешіттен шығатын кезде арнайы оқылатын дұғаны оқу.

Мешітте мына амалдарды жасауға тыйым салынады:

– жүніп және хайыз кезінде мешітте отыруға;

– нәжіс заттарды кіргізуге;

– мешіттің ішінде қайыр тілеуге;

– есінен адасқан адамды және мешіттің тыныштығын бұзып шулайтын, мешіттің ішін бүлдіретін есі кірмеген сәбилерді кіргізуге;

– мешітте сауда-саттықпен айналысуға;

– мешіт ішінде дауыс көтеріп, дауласуға тыйым салынады.

Тек зәру жағдайда ғана болмаса, мешітте жоғалтқанын сұрауға болмайды.

Ал сарымсақ, пияз секілді иісі бар көкөніс жегендер үшін мешітке кіру – мәкруһ.

 

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

sunna.kz