Сенбі, 28 қараша 2026 ж. 18 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 07:46
Бесін 12:07
Екінті 14:31
Ақшам 16:18
Құптан 17:53
Мақалалар

Өз ақыңа кешірімді, өзгенің ақысына мұқият бол

9 рет оқылды
Өз ақыңа кешірімді, өзгенің ақысына мұқият бол

Кісі ақысына қатысты екі түрлі өлшем бар. Біреу сенің жеке ақыңа қол сұқса, кешіруге еріктісің. Тіпті кешіре алу – жүрек кеңдігі.


«Менің ақым кетсе, кештім, адал болсын» деу мәрттік. Бірақ өзгенің ақысын кешіруге құқығың жоқ. Басшы мекемеге тиесілі ақыны немесе жеке тұлға халықтың ақысын өз бетінше кешіре алмайды. Кешірім жасау үшін ең әуелі сол ақының иесі болуың керек.

Сондай-ақ біреудің ақысын жеген кісі «Ол кешірсін» деп талап қоя алмайды. Кешіру – жәбірленген адамның таңдауы. Оны кешіруге мәжбүрлеу – қиянат үстіне қиянат.

Сондықтан өз ақымызға келгенде кешірімді, өзгенің ақысына келгенде әділетті болғанымыз жөн. Ал нәпсі керісінше істейді. Өзінің ақысын қорғайды да, өзгенің ақысына немқұрайлы қарайды.

материал «Кемел адам - 2» кітабынан алынды,

sunna.kz