Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Мешіт тынысы

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті (фото)

24 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде тазалық пен көркейтуге бағытталған кезекті сенбілік ұйымдастырылды.


Игі шараға мешіт ұжымы белсене қатысып, мешіт аумағын қоқыстан тазарту, айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жамағатқа жайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында мешіт маңына ерекше көңіл бөлініп, ортақ мекеннің көркіне көрік қосылды.

Тазалық пен ұқыптылық – мұсылманның көркем қасиеттерінің бірі. Ал көпшілік пайдаланатын орынды таза ұстау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әрбірімізге ортақ жауапкершілік.

Осындай игі бастамалар тазалық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ауызбіршілік пен ынтымақты нығайтып, ортақ іске деген жауапкершілікті арттыра түседі.

sunna.kz