«Сәдуақас қажы Ғылмани»: «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында насихат айтылды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды уағыз өтті.
Уағызды мешіт ұстазы Айгүл Көксеген жүргізіп, қазақ халқының той өткізу дәстүрі, ұлттық құндылықтар мен ислам дініндегі әдеп мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында тойдың мақтан мен бәсекенің емес, береке мен бірліктің, тәлім мен тәрбиенің ордасы болуы керектігі айтылды.
Сондай-ақ ұстаз тойларда ысырапшылдыққа жол бермеу, шариғат талаптарын сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Тойдың сәні – ысырапта емес, берекесінде. Тойдың мәні – даңғазалықта емес, тағылымында».
Тағылымды басқосу әйел-қыздар жамағатының рухани білімін арттыруға және қоғамда өнегелі той мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.



sunna.kz