Сенбі, 31 қазан 2026 ж. 20 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 07:00
Бесін 12:03
Екінті 15:07
Ақшам 16:55
Құптан 18:23
Мақалалар

Жұма күнінің абзалдығы мен әдептері

16 рет оқылды
Жұма күнінің абзалдығы мен әдептері

Жұма күнінің абзалдығы мен әдептері:


Жұма – мұсылмандардың мереке күні. Аллаһ жұма күнін жылдың басқа барлық күндерінен абзал еткен.

Ибн әс-Саббақ (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.а.с.) жұмалардың бірінде: «Уа, мұсылмандар! Алла бұл күнді мейрам етті.
Сондықтан шомылыңдар, кімде әтір болса, оны пайдаланғаннан зиян жоқ, (яғни иіссу жақсын) және мисуак пайдаланыңдар, (яғни міндетті түрде ауыздарыңды тазалаңдар)», – деді», – деген.

Алланың мейрам еткен осы күнінде мұсылман қауымының мына амалдарға көңіл бөлгені абзал:

1. Денесін толық тазалау, яғни ғұсыл құйыну, тырнақ алу, қолтық және әуреттің түгін қысқарту. Осы тазалықты бүкіл отбасымен әдетке айналдырған абзал. Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімде-кім жұмаға келсе, шомылсын», – дегенін естіген.

Самура: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім жұма күні дәрет алса, онымен нығыметке бөленді. Ал кімде-кім ғұсыл алса, ол (ғұсыл алған) абзал», – деді», – деген.
Бірде Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жұма намазының алдында дәрет су алдырып дәрет алады. Сонда оған кейбір серіктері: «Ғұсыл алмайсың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Бүгін күн суық», – деп жауап береді де, дәрет алады.

2. Таза киім кию.
Әсіресе жұма намазына баратын кезде таза киім киген өте жақсы. Себебі Пайғамбар (с.а.с.) жұмаға сәнденіп, иіссу себініп баруға үгіттеген. Ибн Сәләм (Аллаһ оған разы болсын) Алла елшісінің (с.а.с.): «Сендердің біреулерің таба алса немесе таба алсаңдар, жұма күні жұмыс киімінен басқа екі киім кисін», – дегенін естіген.

3. Жұмаға ерте бару.
Мешітке барар жолда адамдармен амандасып, олардың көңілдерін көтеріп, мешітке кіргенде, аса қажет болмаса, алдыңғы сапқа ұмтылмай бос орынға отыру.

4. Имам мінберге шыққаннан кейін тынышталып, жан-жағына алаңдамай, бүкіл ынтасымен құтпаны тыңдау.

5. Жұма күні «Кәһф» сүресін оқу – сүннет. Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Кімде-кім жұманың түнінде «Кәһф» сүресін оқыса, онымен Қағбаның арасында нұр болады», – деді. Имам әл-Бәйһақи риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса, оған екі жұма аралығында нұр шашып тұрады», – деген.

7. Арнайы жұма күні ғана нәпіл оразасын ұстауға болмайды. Себебі Алла Тағала бұл күнді мейрам күні еткен. Бірақ жұмамен қоса бір күн алдында не бір күн кейін ораза ұстауға болады.

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды, 

ummet.kz