Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Бесін 12:15
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

Айтқожа шешен: Ала болса ағайын

15 нау 2023 846 рет оқылды
Айтқожа шешен: Ала болса ағайын

Айтқожа шешеннің айтқаны

Ала болса ағайын,

Рулы елден күй кетер,

Ауыздағы ас кетер,

Қанды көйлек дос кетер,

Аңдыған дұшпан көбейіп,

Алар құның бос кетер.

Құлақтыға сөз айтсаң -

Құлағының астында.

Құлақсызға сөз айтсаң -

Құла қырдың астында.

Айтса болар ұққанға,

Айтып, айтып немене,

Қос құлағын тыққанға.

”Қазақтың би-шешендері” кітабынан

Sunna.kz

#Айтқожа шешен