Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Ғибрат

Ақберен Елгезек: Мінәжәт

7 қар 2023 997 рет оқылды
Ақберен Елгезек: Мінәжәт
Тұра берсін жерім аман, тауым да аман; Аман жүрсін досым да, жауым да аман; Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің, Қиналғанын сезіну - ауыр маған... Көңілім бар ешкімге тарылмаған, Аман болсын жат адам, бауыр да аман, Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан, жұлдыз ағып құласа - ауыр маған... Шаршасам да қуатты дауылдардан, Жауындардан беймезгіл сауылдаған. Бәріне де көнер ем, тек сәбидің, Жаутаңдаса жанары - ауыр маған... Далам да аман тұрса екен, бауым да аман, Қалам да аман тұрса екен, ауыл да аман. Бір адамның өлгенін естіп қалу - Өзім өліп қалғаннан ауыр маған. Өткереді не зұлмат, құйынды адам, Елім аман болсыншы, үйім де аман. Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай, Сол болсыншы беретін сыйың маған!