Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Мақалалар

Бидғаттың сенімде, сөздерде, амалдарда болуы

22 сәу 2025 611 рет оқылды
Бидғаттың сенімде, сөздерде, амалдарда болуы

Діни бидғат сенім мәселелерінде, сөздерде және амалдарда болады. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Бидғат екі түрлі болады: сөздерде, сенімде; сондай-ақ амалдар мен құлшылықта”. (“Мәжму’ул-фәтауа” 22/306).

Шейх ‘Али Мәхфуз: «Бидғат екі түрлі болады: сенімде және амалдарда. Сенімдегі бидғат – бұл Пайғамбар мен сахабалар сенген нәрсеге қайшы келетін нәрсеге сену. Әрі мұндай сенімдегі бидғат амалдағы бидғаттармен қоса көрініс табады ма, жоқ па – бұл маңызды емес», - деп айтқан. («әл-Ибда’» 54).

Сенімдегі бидғаттың мысалы ретінде хауариждердің, му’тазилилердің, қадарилердің, рафидилердің, муржилердің және т.б. сол сияқты ағымдардың бидғаттарын келтіруге болады. Амалдардағы бидғатқа келер болсақ, ол туралы шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: «Амалдардағы бидғат – бұл дінде Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бекітпеген құлшылықты бекіту. Шариғатта орындалуы парыз немесе мустахаб екендігін көрсететін бұйрық болмаған кез келген құлшылық – амалдардағы бидғатқа жатады». (“Фәтауа әс-Са’дия” 63-64).

Сөздердегі бидғатқа келер болсақ, оларға жоғарыда айтылған ағымдардың сенім мәселесіндегі адасушылығынан келіп шығатын сөздері жатады. Сондай-ақ сөздердегі бидғатқа Алланы еске алу сөздерінің (зикр) шариғатта бекітілмеген кез келген түрі жатады.

материал  «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,

sunna.kz