Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

Бықыш шешеннің айтқандары

19 сәу 2022 1 550 рет оқылды
Бықыш шешеннің айтқандары

Алтайға қашып барған Мамырбек төреге:

Е, төре, аман келдің бе?

Әуелі асқан жаман,

Асқаннан сасқан жаман,

Бәрінен де мойнына,

Қоржын салып қашқан жаман, - депті.

 

Бір сөзінде:

-Жерден кеткен ел тозады,

Елден кеткен ер тозады.

Бәрінен де ұя бұзбай,

Ұйымнан азбай,

Отырған ел озады, - депті.

Тағы бірде:

-Ұлығың сұм болса,

Жігерің құм болады.

Ұлығың жағымды болса,

Халқың бағың болады, - депті.

Бай Оспан Бықыштан көрімдік күткенде:

-Үй - байдың салтанаты, кедейдің жамылшысы. Үйің жақсы-ақ екен. Десе де, үйің қанша жақсы болғанымен жайлауға шықпайды, кебісің қанша жақсы болғанымен төрге шықпайды, - депті жұлып алғандай.

Тағы бір сөзінде:

-Ескексіз қайық жылымға кетеді.

Әділетсіз төре сасқан кезде бір рудан бір руға кетеді, - деген екен.

“Қазақ би-шешендері” кітабынан

Sunna.kz

#Бықыш шешен