Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Мақалалар

Бұқар жырау: Біреуі қаза қалмасқа

2 қаз 2023 943 рет оқылды
Бұқар жырау: Біреуі қаза қалмасқа

Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз: Үшкілсіз көйлек кимеске. Төртінші тілек тілеңіз: Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз: Бес уақытты бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз: Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулың. Күнінде ертең біреуге Тегіннен тегін олжа болмасқа. Жетінші тілек тілеңіз: Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа. Сегізінші тілек тілеңіз: Сегіз қиыр шар-тарап, Жер тұлданып тұрмасқа. Тоғызыншы тілек тілеңіз: Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа. Оныншы тілек тілеңіз: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күнде айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңейткен, Тас емшегін жібіткен, Анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз: Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Иісі жұпар аңқыған, Дауысы қудай саңқыған, Назыменен күлдірген, Құлқыменен сүйдірген, Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа.

«Бес ғасыр жырлайды» кітабынан

Sunna.kz