Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Мақалалар

Дін мен дәстүр: Келінге бата

28 мау 2023 1 149 рет оқылды
Дін мен дәстүр: Келінге бата

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында ата салтымыздың бірі болған ақ келінге бата беру дәстүріндегі дұғаның бір нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Құтты болсын қадамың,

Келін болдың, қарағым.

Салтын ұстап ардақта,

Бұрынғы ата-бабаның.

Отша лаулап сонбегін,

Еш жамандық көрмегін.

Бақытты бол, келінжан,

Сәбидің жуып жөргегін.

Ошақтан от кетпеін,

Үйіңнен көп кетпесін.

Қосағыңмен қоса ағар,

Дұшпанның көзі өтпесін.

Адал болып жарыңа,

Қанағат қыл барыңа.

Қайғы мен мұң түспесін,

Ақ қағаздай арыңа.

Әумин!

#бата #келінге бата