Сенбі, 7 қараша 2026 ж. 27 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:42
Күн 07:12
Екінті 14:55
Ақшам 16:43
Құптан 18:13
Жаңалықтар

Елордадағы 12 мешіт 1000 оқушыға қуаныш сыйлады

25 там 2021 1 120 рет оқылды
Елордадағы 12 мешіт 1000 оқушыға қуаныш сыйлады

Бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол 2021» қайырымдылық шарасы өтті. Қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылық шарасының ауқымы 1000-ға жуық отбасыны қамтып, осынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі таратылды.

Айта кетейік, карантиндік шектеулерге байланысты мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат мектеп сөмкелерін өтініш білдірген жандардың үйлеріне дейін жеткізіп беруді қолға алып отыр.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға алғысын білдірді.

muslim.kz