Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Мақалалар

Жақсы өмір – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы

9 жел 2024 405 рет оқылды
Жақсы өмір – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы

«Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін бола отырып (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер істесе, Біз оған міндетті түрде кіршіксіз әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ, оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып сөзсіз сый-сыяпатқа бөлейміз» («Нәхл» сүресі, 97-аят).

Жақсы өмір дегеніміз – Алланың сені басқаларға мұқтаж қылып қоймауы. Бұл – әдемі сөз. Алайда аяттың алып қосары бар:

Жақсы өмір дегеніміз – ауырып-сырқаттанбау, кедей болып қалмау емес, атақ, мансаптың иесі болу да емес.

Жақсы өмір – ол қандай болса да Алланың жазған тағдырына разы болу.

Алланың тағдырына наразылық білдіру – қиыншылық, шаршау, машақат. Қашан Алла адамға тағдырына деген разылық сыйлайтын болса, адам молшылық пен таршылықта да шүкірлік етіп, керемет өмір кешетін болады.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

sunna.kz