Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Мақалалар

Жоғарғы – елге кетсін, төменгі – селге кетсін

27 қыр 2023 824 рет оқылды
Жоғарғы – елге кетсін, төменгі – селге кетсін

Тана бидің бала кезінде күн құрғатпай төбе басына келіп, билердің әңгімесін бөлек отырып тыңдап, қайтар кезінде көңілі толмай басын шайқап, үнжұрғасы түсіп қайтатынын байқап жүрген ақсақалдардың бірі:

– Әй, балам. Кімнің баласысың?, - дейді.

– Садының баласымын.

– Күнде осында келіп, билердің кеңесін, кесігін тыңдап кетіп жүрсің, не ұқтың? - деп қолқа салыпты. Сонда Тана:

– Менің ұқққаным – асқар тауда бір мін бар, асу бермейді! Тасыған суда бір мін бар, өткел бермейді! Шешендер, сендердегі үлкен мін – өздеріңнен басқа адамға сөз бермейсіңдер, - дейді ғой.

Жүйелі сөзге тоқтаған би-шешендер алдыларына келген даудың билігін балаға беріпті. Бұған да тосылмаған Тана:

– Басына туыспау керек, туысқан соң, бәле қуыспау керек. Жоғарғы – елге кетсін, төменгі – селге кетсін. Сен олжалаған жесірін қайтар, сен барымталаған малын қайтар. Сонымен дау бітсін, - дейді. Жиынға жиналған қалың көпшілік сол жерде Тананы Тоғарыстан мен Байтүгейге би сайлайды.

Сөйтіп, Тана бала би атаныпты.

"Сөз тапқанға қолқа жоқ" кітабынан

sunna.kz

#Тана би