Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 ж. 5 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:17
Күн 05:46
Екінті 16:33
Ақшам 18:32
Құптан 20:00
Мақалалар

«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»

26 жел 2022 805 рет оқылды
«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»

Әнәс (р.а.) әңгімелеуде: "Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек көшкендей азан-қазан болды."Бұл не шу?" - деп, сұраған Айша (р.анһа) анамызға төңіректегілер: "Абдураxман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой, - деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді.

Айша анамыз (р.анһа) сол кезде: "Мен Пайғамбарымыздың "Абдураxман ибн Ауфтың жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім" дегенін естіген едім", - дейді. Бұл сөз Абдураxман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде: "Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді" - деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Алла жолына атады.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

sunna.kz