Бейсенбі, 30 шілде 2026 ж. 16 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:31
Бесін 12:26
Екінті 17:44
Құптан 22:12
Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасы Польша мүфтиімен кездесті

11 қаз 2023 711 рет оқылды
ҚМДБ төрағасы Польша мүфтиімен кездесті

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Польша Республикасы мұсылмандары діни одағының Жоғарғы алқасының төрағасы, мүфти Томаш Мискевичпен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің дүниежүзі халқын достық пен татулыққа шақыру бағытындағы рөлін айрықша атап өтті. Сонымен қатар Астана қаласында өтетін халықаралық Құран байқауының маңызын сөз етті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Польша Республикасындағы мұсылман қауымының қазіргі ахуалы мен мешіт жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Кездесу соңында тараптар діни саладағы ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.

#Наурызбай қажы Тағанұлы